28
қыркүйек
2025
“БАЛА БОЛАШАҒЫ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК” тақырыбында 7 В сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.
“БАЛА БОЛАШАҒЫ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК” тақырыбында 7 В сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: Оқушының сапалы білім алып, дұрыс тәрбие көріп, болашақта өз орнын табуына ата-ана мен мектептің бірлескен ықпалының маңызын түсіндіру, ынтымақтастықты арттыру және бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті нығайту. Күн тәртібінде: Ата-аналар комитетін бекіту; Мектеп жарғысы (келісімшарт); Мектеп формасы ; “Адал азамат” бағдарламасы; Бос уақытты тиімді пайдалану (таймменеджмент); Интернетті дұрыс пайдалану(буллинг, кибербуллинг); Ағымдағы мәселелер қаралды. Жиналыс барысында оқу-тәрбие жұмысының мақсаттары, оқу бағдарламасы, тәртіп пен жауапкершілік мәселелері қозғалды. Ата-аналар мен мұғалімдер баланың дамуы мен табысты болашағы үшін бірлесе әрекет етудің маңызын талқылады. Ашық пікір алмасу, ұсыныстар мен қолдау – жылы атмосферада өтті.
*Мектеп пен ата-ана арасындағы сенімді байланыс – сапалы білім мен жақсы тәрбие кепілі.*