11-сынып оқушыларымен ДТІЖО И.Мағзумова және мектеп инспекторы, аға полиция лейтенанты Ерболат Мерланұлы Қыдырбектің қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11-сынып оқушыларымен ДТІЖО И.Мағзумова және мектеп инспекторы, аға полиция лейтенанты Ерболат Мерланұлы Қыдырбектің қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді.
02
қыркүйек
2026

11-сынып оқушыларымен ДТІЖО И.Мағзумова және мектеп инспекторы, аға полиция лейтенанты Ерболат Мерланұлы Қыдырбектің қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді.



2026–2027 оқу жылының басында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 11-сынып оқушыларымен ДТІЖО И.Мағзумова және мектеп инспекторы, аға полиция лейтенанты Ерболат Мерланұлы Қыдырбектің қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, заңсыз әрекеттерден сақтану, құқықтары мен міндеттерін білу және заң талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі, қоғамдық орындардағы тәртіп, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруге қатысты талаптар және жол қауіпсіздігі ережелері туралы маңызды ақпараттар берілді.
👮‍♂️ Мектеп инспекторы оқушыларды кез келген құқыққа қайшы әрекеттің салдары болатынын ескертіп, заңды құрметтеуге, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау.
Заңды сақтау – өзіңе және қоғамға деген жауапкершілік!09:20

Похожие публикации: