11
қыркүйек
2026
№206 мектеп-гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ұйымдастыруымен 9–11 сынып оқушыларымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жоспарлы профилактикалық кездесу өтті.
2026 жылдың 11 қыркүйегінде №206 мектеп-гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Умаров Нұрдәулет Мухтарханұлы және Мағзумова Индира Бақтыжанқызының ұйымдастыруымен 9–11 сынып оқушыларымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Наурызбай ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Манабаев Нұрбақыт Оразғалиұлымен жоспарлы профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға Наурызбай ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Манабаев Нұрбақыт Оразғалиұлы қатысып, оқушыларға құқықтық жауапкершілік пен қауіпсіздік талаптары туралы маңызды ақпарат берді.
Кездесу барысында интернет-алаяқтықтан сақтану, банк карталарының қауіпсіздігі, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, құқықбұзушылыққа жол бермеу және кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.
Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және мектепте қауіпсіз орта қалыптастыру.
#ЗаңЖәнеТәртіп #№206МектепГимназия #Профилактика #ҚұқықтықСауаттылық
#Ба