29
ақпан
2024
Мектепішілік Англия, Жапония елдерінің тәжірибесі негізінде атқарылатын жұмыстардың жоспарына сәйкес 9 “А” сыныбы Дулат Исабековтың “Әпке” драмасын және 8 “Д” сыныбының оқушылары Міржақып Дулатұлының “Бақытсыз Жамал” романын оқып, талқылады.
Наурызбай ауданы, #206 мектеп-гимназияда мектепішілік Англия, Жапония елдерінің тәжірибесі негізінде атқарылатын жұмыстардың жоспарына сәйкес, біртұтас тәрбие бағдарламасының “Балалар кітапханасы” бөлімі, “Оқуға құштар мектеп” бағдарламасы аясында әр параллельге оқу жылының соңына дейін кітаптың мазмұнына қарай белгілі уақытқа оқуға бірнеше кітаптар ұсынылды. 19.02 - 25.02.2024 ж аралығында 9 “А” сыныбы Дулат Исабековтың “Әпке” драмасын және 8 “Д” сыныбының оқушылары Міржақып Дулатұлының “Бақытсыз Жамал” романын оқыды. Аталған сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге әр шығарманы форматын түрлендіре отырып, талдады.