Оқу тәрбиелік жұмыс » Страница 20 » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сіздерден білім алған әр шәкірт білімнің шыңына шығып, есіміңізді мәңгілік жүрек түпкірінде сақтайды деп сеніңіздер
30
қыркүйек
2025
Сіздерден білім алған әр шәкірт білімнің шыңына шығып, есіміңізді
«Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын - ұстаздікі». Қанша уақыт өтсе де Мағжан Жұмабаевтың пікірі салмақты, ойлы. Ел ертеңі жарқын болуына барын салып жүрген аяулы ұстаздардың орны ерекше. Барша ұстаздар қауымын дүниежүзілік ұстаздар күнімен құттықтаймыз! Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіздің бағасын біздер, шәкірттеріңіз, білеміз, бағалаймыз! Мереке қарсаңында отбасыларыңызға береке, жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілейміз ! Сіздерден білім алған әр шәкірт білімнің шыңына шығып,
Қадірлі мұғалімдер, сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында шәкірттеріңіз арман-мақсатына жетіп, елдің тұтқасы болуда.
30
қыркүйек
2025
Қадірлі мұғалімдер, сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында
Ұстаз – ұрпақтың жолын жарық қылатын шамшырақ, өмірдің шын бағбаны. Қадірлі мұғалімдер, сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында шәкірттеріңіз арман-мақсатына жетіп, елдің тұтқасы болуда.  Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында барлықтарыңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, сарқылмас шабыт тілейміз! Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіздер!  Ізгі ниетпен: Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №206 мектеп- гимназиясының 11 - сынып оқушылары.  @edu.almaty @birtutas_tarbie2024
5”Ә” сыныбы Қарттар күнімен құттықтайды!
29
қыркүйек
2025
5”Ә” сыныбы Қарттар күнімен құттықтайды!
5”Ә” сыныбы Қарттар күнімен құттықтайды!  Бүгін – үлкендерге құрмет көрсетіп, ақыл-кеңесін тыңдайтын қастерлі күн. Құрметті аталар мен әжелер! Сіздердің еңбектеріңіз бен ақылдарыңыз – біз үшін асыл қазына. Ұрпағыңызға амандық пен мейірім сыйлаған жүректеріңізге мың алғыс!   Сынып жетекшісі: Оңғарова Ардақ Бауыржанқызы
Бүгін ұстаздарымыз кішкентай бүлдіршіндердің жүрек жылуымен салған суреттерін тамашалап, ерекше әсер алды.
29
қыркүйек
2025
Бүгін ұстаздарымыз кішкентай бүлдіршіндердің жүрек жылуымен салған
Бүгін ұстаздарымыз кішкентай бүлдіршіндердің жүрек жылуымен салған суреттерін тамашалап, ерекше әсер алды. Әрбір суреттен балалардың шынайы сүйіспеншілігі мен алғысы айқын сезілді. Мұндай шаралар ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани байланысты нығайтып қана қоймай, балалардың қиялын дамытып, шығармашылығын арттыра түседі. Құрметті ұстаздар! Сіздерге деген алғыс пен сүйіспеншілік әр бала еңбегінде көрініс тапты. Ұстаздар күні құтты болсын
Бүгін 8 “Ә” сыныбында *”Құқықтық білім беру және қауіпсіздік”* тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтті.
29
қыркүйек
2025
Бүгін 8 “Ә” сыныбында *”Құқықтық білім беру және қауіпсіздік”*
*Құқықтық білім – қауіпсіз болашақтың кепілі!*  Бүгін 8 “Ә” сыныбында *”Құқықтық білім беру және қауіпсіздік”* тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтті. Сабақ барысында оқушылар:  Өз құқықтары мен міндеттерін таныды; Мектептегі, үйдегі және интернеттегі қауіпсіздік ережелерін меңгерді; Әкімшілік жауапкершілік туралы ақпарат алды; Ашық диалог жасап, өз ойларымен бөлісті;  *Қауіпсіз орта – әр оқушының дамуына берік негіз.*   Оқушыларға құқықтық тәрбие беру – болашақтағы саналы азамат тәрбиелеудің
Бүгін 8 «Д» сыныбы «Қария – елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі» тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
29
қыркүйек
2025
Бүгін 8 «Д» сыныбы «Қария – елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі»
 Бүгін 8 «Д» сыныбы «Қария – елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Қария – халқымыздың ақылшысы, өмірлік тәжірибесі мен өнегесі жастар үшін сарқылмас қазына. Сонымен қатар, «Дербес деректер: қауіпі мен жауапкершілік» атты қауіпсіздік сабағында оқушыларға жеке ақпаратты қорғаудың маңызы түсіндірілді. Дербес деректерді сақтау – әр адамның қауіпсіздігі мен болашағына жауапкершілігі.  Іс-шара оқушыларға рухани құндылық пен заманауи қауіпсіздік дағдыларын ұштастыра білді.
№206 мектеп-гимназияның 8 “А” сыныбында тәрбие сағаты өтті.
29
қыркүйек
2025
№206 мектеп-гимназияның 8 “А” сыныбында тәрбие сағаты өтті.
№206 мектеп-гимназияның 8 “А” сыныбында тәрбие сағаты өтті. Тақырыбы: «Бірлік пен берекенің бастауы – үлкенге құрмет» Сабақтың мақсаты: Оқушыларды үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу; Қазақ халқының дәстүріндегі үлкенді құрметтеу құндылықтарын дәріптеу; Бірлік пен татулықтың қоғамдағы рөлін түсіндіру. Іс-шара барысында оқушыларға өнегелі әңгімелер, нақыл сөздер, көріністер мен пікірталас ұсынылады. Жастардың бойына сыйластық, адамгершілік пен отансүйгіштік қасиеттерін дарыту – басты
«Бірлік пен берекенің бастауы – үлкенге құрмет» №206 мектеп-гимназиясында осы тақырыпта сынып сағаттары өткізілді
29
қыркүйек
2025
«Бірлік пен берекенің бастауы – үлкенге құрмет» №206
 «Бірлік пен берекенің бастауы – үлкенге құрмет» №206 мектеп-гимназиясында осы тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, әдеп пен тәрбие қағидалары түсіндірілді. Құрмет пен мейірім – отбасыдағы, қоғамдағы бірлік пен берекенің кепілі екені айтылды. Осындай тағылымды кездесулер оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттырып, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Президенттікке үміткер 10”Г” сынып оқушысы Қалиұлы Мейрамбек
26
қыркүйек
2025
Президенттікке үміткер 10”Г” сынып оқушысы Қалиұлы Мейрамбек
Президенттікке үміткер 10”Г” сынып оқушысы Қалиұлы Мейрамбек Қолдау білдірейік!
«Таза бейсенбі» жобасы аясында 6 «В» сыныбының оқушылары кабинеттерін жинап,тәртіп пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
25
қыркүйек
2025
«Таза бейсенбі» жобасы аясында 6 «В» сыныбының оқушылары кабинеттерін
Тазалық – денсаулық кепілі, тәртіп бастауы! «Таза бейсенбі» жобасы аясында 6 «В» сыныбының оқушылары кабинеттерін жинап,тәртіп пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Сынып жетекшісі:Мағзумова И.Б. #ТазаБейсенбі #ТазаҚазақстан