27
ақпан
2024
Наурызбай ауданы 206 мектеп-гимназияның профориентологы Жұлдыз Рашидқызы 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Алматы энергетика және байланыс университеті колледжі мамандықтарымен және оқуға түсу шарттарымен таныс
Наурызбай ауданы 206 мектеп-гимназияның профориентологы Жұлдыз Рашидқызы 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Алматы энергетика және байланыс университеті колледжі мамандықтарымен және оқуға түсу шарттарымен таныстырды.
АЭжБУ колледжі 6 мамандық бойынша білім береді. Олар:
Өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
Бағдарламалық қамтамасыз ету;
Электр жабдықтары;
Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары;
Бағдарламалық қамтамасыз ету. Құрметті ата-аналар және оқушылар! Колледжде барлық мамандық бойынша ГРАНТ бөлінісі бар. Ақылы бөлімнің оқу ақысы - 300.000 тг.
Грант конкурсына өтініш беру: 25.06-18.08.2024 жыл аралығы.
Конкурс аттестаттың орташа балы бойынша өткізіледі.
Адам өміріндегі маңызды қадамдардың бірін дұрыс жасап, қалаған мамандығыңызды таңдауларыңызға тілектеспіз.