01
қазан
2025
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, ұлағатты ұстаз Мергенбаева Назигүл Оразбайқызы Президент қолынан Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаттарының бірі – “Құрмет” орденін алуымен құттықтаймыз
[video=|https://www.instagram.com/reel/DPRLT4yDP8v/?igsh=ejU4NXJ2d3pjMm8z]
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, ұлағатты ұстаз Мергенбаева Назигүл Оразбайқызы Президент қолынан Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаттарының бірі – “Құрмет” орденін алуымен құттықтаймыз.
Бұл – Сіздің көп жылғы тынымсыз еңбегіңіздің, білім саласына қосқан өлшеусіз үлесіңіздің, жас ұрпақты тәрбиелеудегі кәсіби шеберлігіңіздің және ұлағатты ұстаздық жолыңыздың жемісі. Сіздей жаны жайсаң, парасатты, білімді де білікті ұстаздың еңбегі мемлекет тарапынан бағаланып жатқаны – біз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш.
Сіздің жетістігіңіз – бізге үлгі, кейінгі жас ұстаздарға – бағдар. Алдағы уақытта да еңбегіңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің биік белестерден көрінуіне себепкер бола беріңіз.