№206 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі МЕРГЕНБАЕВА НАЗИГҮЛ ОРАЗБАЙҚЫЗЫ ұстаз атына лайықты білікті маман. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №206 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі МЕРГЕНБАЕВА НАЗИГҮЛ ОРАЗБАЙҚЫЗЫ ұстаз атына лайықты білікті маман.
03
қазан
2024

№206 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі МЕРГЕНБАЕВА НАЗИГҮЛ ОРАЗБАЙҚЫЗЫ ұстаз атына лайықты білікті маман.

video5203950480853590419.mp4 [18,09 Mb] (cкачиваний: 1)
№206 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі МЕРГЕНБАЕВА НАЗИГҮЛ ОРАЗБАЙҚЫЗЫ ұстаз атына лайықты білікті маман. Бір бойында адамгершілік қасиеттер мен кәсіби біліктілікті жиналған үлгі тұтарлық ұстаз. Саналы ғұмырында бастауыш сыныпқа қалам ұстай алмай келген мыңдаған бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатып, еліміздің азаматтары етіп тәрбиелеп, білім беріп келеді. Ұстаздық жолында НАЗИГҮЛ ОРАЗБАЙҚЫЗЫНЫҢ білім мен тәрбие берген шәкірттері ҰБТ-дан жоғарғы нәтиже көрсетіп, еліміздің, шет елдердің жоғарғы оқу орындарында білім алды. Сол шәкірттердің алды еліміздің өркендеуіне үлесін қосып жүрген ел азаматтары да атанды. «Білім көзі – бастауышта» деп бекер айтпаймыз, баланың негізі бастауышта қаланып, оқушының білімге деген құштарлығын ашатын бастауыштың ұстазы екені бәрімізге анық. НАЗИГҮЛ ОРАЗБАЙҚЫЗЫНЫҢ бастауыш бітіртіп шығарған сыныптары орта есеппен 99-100 пайыз білім сапасын тұрақты көрсетіп отырады. Бұл сапа білікті маманның қажырлы еңбегінің нәтижесі деп білеміз. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ беріп қана қоймай өзі конкурстарға кәсіби тұрғыдан шығармашылықпен қатысады. НАЗИГҮЛ ОРАЗБАЙҚЫЗЫ бірнеше Республикалық, Халықаралық кәсіби байқаулардың жеңімпазы, бастауыш сынып оқулықтарының авторы. ҚР Білім және ғылым министрлігі «2019 жылдың үздік педагогі» атағының, «Әлем мұғалімі-2020, 2021» халықаралық сыйлығының иегері. Авторлық материалдар негізінде іс тәжірибесі республика көлемінде таратылуда. Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі бекіткен авторлық жұмыстары:
1)Жалпы  бiлiм  беретiн  мектептiң 2-сыныбына арналған Математика оқулығы.  1,2- бөлім.  Алматы «Атамұра» 2022.
2) Математика учебник 1,2 –часть. 2 класс. «Атамұра»  2022г.
3)Жалпы  бiлiм  беретiн  мектептiң 2-сыныбына арналған Математика электронды оқулығы. Web – платформа) www.oqulyqtar .kz «Атамұра» 2 класс.
4) Математика Электронный учебник. 2- класс. Web – платформа) www.oqulyqtar .kz Атамұра.2022г.
5) Жалпы  бiлiм  беретiн  мектептiң 2-сыныбына арналған Математика оқыту әдістемесі. 1,2,-бөлім + CD Алматы «Атамұра» 2022.
6) Математика негіздері. Жұмыс дәптері 1,2,3- бөлім. «Атамұра» 2024ж.
7) Математика негіздері. Әдістемелік нұсқау. «Атамұра» 2024ж.