29
қаңтар
2024
«Адамның ұлы қазынасы – білім» тақырыбында бастауыш сыныптардың онкүндігі аясында “Мейірім-әлемге махаббатпен” атты әр бірлестік ұстаздары арасында интеллектуалды ойын өтті.
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияда мектептің оқу жоспарына сәйкес «Адамның ұлы қазынасы – білім» тақырыбында бастауыш сыныптардың онкүндігі аясында “Мейірім-әлемге махаббатпен” атты әр бірлестік ұстаздары арасында интеллектуалды ойын өтті. Қызыққа толы ойын барысында, оқытушылар тың деректермен қоржындарын толтырып, түрлі сала бағытындағы сұрақтарға сүрінбей жауап берді. Интеллектуалды ойын соңында, «Ең үздік білімді педагог», «Ең үздік тапқыр педагог», «Ең үздік ойшыл педагог» және түрлі номинациялары бойынша сертификаттар табысталды.