09
қыркүйек
2026
№206 мектеп гимназия кітапханасында “Ана тілім-тірлігімнің аймағы” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
5 қыркүйек -Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілген. Бүл мереке қазақ халқының ұлы ағартушысы, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай бекітілген .Бұл күннің мақсаты-мемлеккттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ халқының рухани құндылығы-ана тілінің қадір қасиетін дәріптеу, оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыруға және тіліміздің қоғамдағы маңызын насихаттау.Осы мерекеге орай №206 мектеп гимназия кітапханасында “Ана тілім-тірлігімнің аймағы” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Тілімізді құрметтеу-болашағымызды құрметтеу. Ана тілімізді ардақтап оны келер ұрпаққа жеткізу-әрбір азаматтың қасиетті парызы.