14
ақпан
2025
«Ертегілер елінде» – 3-сынып оқушыларымен кітапханалық сабақ!
«Ертегілер елінде» – 3-сынып оқушыларымен кітапханалық сабақ 
№206 мектеп-гимназиясының кітапханасында «Ертегілер елінде» тақырыбында 3-сынып оқушыларымен қызықты кітапханалық сабақ өтті.
Сабақ барысында балалар қазақ халық ертегілерімен, әлемдік ертегілермен танысып, олардың тәрбиелік мәні мен маңызын талқылады. Сондай-ақ, оқушылар сүйікті ертегілерінен үзінділер оқып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін саралады.
Ертегі – баланың қиялын ұштап, жақсылыққа баулитын баға жетпес қазына!@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima