18
наурыз
2025
Наурыз қарсаңындағы Жаңару күні құтты болсын!


Наурыз – табиғаттың жаңғырып, жаңа өмірге қадам басатын шуақты мерекесі. Осы ұлыстың ұлы күні қарсаңында Жаңару күнін атап өтіп, жүректерімізді жақсы ниет пен үмітке толтырайық!

Бүгінгі күн – өткеннің ауыртпалығын артқа тастап, жарқын болашаққа ұмтылатын кез. Көңілімізді тазартып, ойымызды жақсылыққа бағыттайтын, бір-бірімізге мейірім мен қамқорлық көрсететін сәт.
Наурыздың нұры мол, Жаңару күні жарқын болсын! Баршаңызға амандық, қуаныш және жаңа бастамаларға сәттілік тілейміз!

