12
мамыр
2025
Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік!
Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік!
Бүгін мектебімізде “Қауіпсіз қоғам” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіндіру.
Аптаның дәйек сөзі:
«Бірлік жоқ болса ұйым жоқ, ұйым жоқ болса күнің жоқ.»
Бұл нақыл сөз бірліктің, ұйымшылдықтың және қауіпсіз ортаның маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қоғамда бейбіт әрі қауіпсіз өмір сүру үшін әр адамның үлесі маңызды екенін түсінді.
Бірлікте – береке, татулықта – тыныштық!