18
наурыз
2025
№206 мектеп-гимназиясы – Ынтымақ күнімен құттықтайды!
№206 мектеп-гимназиясы – Ынтымақ күнімен құттықтайды!

Бүгін – бірлік пен татулықтың мерекесі! 206 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары бұл ерекше күнді атап өтіп, достық пен ынтымақтың маңызын тағы бір мәрте ұғынды.

Наурыз – жаңару мен ізгіліктің, мейірім мен молшылықтың бастауы. Бұл күн – халықтың ынтымағын нығайтып, достық пен бейбітшілікті дәріптейтін ерекше мереке. Біз бірлігіміз жарасқан ел болып, татулық пен сыйластықтың үлгісін көрсетіп келеміз.
Ынтымақ бар жерде – ырыс, береке, табыс бар! Сондықтан осы ұлы мейрамда әр шаңыраққа амандық, әр жүрекке жылулық, әр отбасыға молшылық пен қуаныш тілейміз. Наурыз құтты болсын! Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мәңгі болсын! 


