04
маусым
2025
4 маусым – "Мемлекеттік рәміздер күні"
4 маусым – "Мемлекеттік рәміздер күні" мерекесіне орай ұйымдастырылған дебаттық жазғы демалыс лагері аясында өткен ерекше дебат өз мәресіне жетті!


Бұл шараның басты мақсаты — жастар арасында патриоттық рухты нығайту, мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын тереңірек ұғындыру, сондай-ақ пікірталас мәдениетін дамыту болды. Лагерь қатысушылары өз білімін, шешендік қабілетін және сыни ойлауын көрсете білді.

Жақтаушы тарап Мемлекеттік Ту немесе Мемлекеттік Елтаңбаны коммерциялық мақсатта пайдалану Қазақстандық брендтердің танымалдылығын арттыруға және назар аударуға көмектеседі десе, қарсы тарап рәміздерді тек мемлекеттік мақсаттарда қолданылуы керек және оны коммерциялық брендингте пайдалану ұлттық құндылықтарымызды қорлау ретінде қабылдануы мүмкін деп пікірлерін білдірді.
