05
маусым
2025
Бүгін тілдік лагерьде – тәжірибе мен тіл сабақтарының үйлесімі!
Бүгін тілдік лагерьде – тәжірибе мен тіл сабақтарының үйлесімі! 
Оқушыларымыз бүгінгі күнді мазмұнды әрі белсенді өткізді.
Балалар сөздерге сипаттама беріп, олардың мағынасын анықтама арқылы аша білді – бұл тіл байлығын дамытудағы маңызды қадам.
Сыртта серуендеп жүріп, бір-біріне бағыт-бағдар беруді үйренді – бұл шынайы өмірде аса қажет дағды.
Сабақ барысында түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз ойын нақты әрі еркін жеткізуге машықтанды.
Осындай күндер – балалар үшін тілдік білімді өмірмен байланыстырудың жарқын үлгісі!Жетекшілері: Нұрбақ А., Гаппарова Г.