01
қыркүйек
2025
2025 жылғы 1 қыркүйек күні №206 мектеп-гимназиясында дәстүрлі Білім күніне арналған “Мектебім – мейірім мекені” атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті
2025 жылғы 1 қыркүйек күні №206 мектеп-гимназиясында дәстүрлі Білім күніне арналған “Мектебім – мейірім мекені” атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Бұл күні мектеп ауласы ерекше сәнге бөленіп, жаңа оқу жылын асыға күткен оқушылар мен алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Жиынның құрметті қонағы – Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Қалибекұлы және мектеп-гимназия директоры, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Фатима Маметқалиқызы Алиакбарова құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға жаңа оқу жылында толағай табыс, жарқын жетістік тіледі.
Жиын барысында бірінші сынып оқушыларына жоғары сыныптағы ағалары мен әпкелері ізгі тілектерін жеткізді, “Білім кілті” табысталды. Алғашқы қоңыраудың сыңғыры бүлдіршіндердің жаңа өмір жолына қадам басқанын айшықтады. Оқушылар патриоттық әндер шырқап, өлең оқып, би билеп, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл күн – әрбір шәкірттің жүрегінде мәңгі сақталатын, білімге бастар жарқын сәттердің бірі болды. Жаңа оқу жылы барша ұстаздар мен оқушыларға табысты, жемісті болғай!
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima
@sairan.saifedenov
#Bilim_quni, #Mektebim_meirim_mekeni