1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №206 мектеп- гимназияда мұғалімдер арасында «Бірлік туы астында – салауатты өмір» атты эстафеталық спорттық ойын ұйымдастырылды. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №206 мектеп- гимназияда мұғалімдер арасында «Бірлік туы астында – салауатты өмір» атты эстафеталық спорттық ойын ұйымдастырылды.
30
сәуір
2026

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №206 мектеп- гимназияда мұғалімдер арасында «Бірлік туы астында – салауатты өмір» атты эстафеталық спорттық ойын ұйымдастырылды.

[media=https://www.instagram.com/reel/DXwaRtCsHog/?igsh=MTVtM295NXdvZDZrbg==]

«Бірлік туы астында – салауатты өмір»

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №206 мектеп- гимназияда мұғалімдер арасында «Бірлік туы астында – салауатты өмір» атты эстафеталық спорттық ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұжым арасындағы бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және мұғалімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Эстафетаға әр бірлестіктен құралған командалар қатысып, өзара ептілік, жылдамдық және ұйымшылдық бойынша бақ сынасты. Қатысушылар түрлі қызықты әрі тартысты кезеңдерден өтіп, жоғары белсенділік танытты.

Спорттық шара барысында ұстаздар тек жарысып қана қоймай, бір-біріне қолдау көрсетіп, нағыз командалық рухтың үлгісін көрсетті. Бұл күн барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұжымдағы ынтымақтастық пен достықты одан әрі нығайтты.

Іс-шара соңында үздік командалар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.

Похожие публикации: