16
наурыз
2026
№206 мектеп-гимназиясында 16 наурыз күні Наурызбай ауданы білім беру ұйымдарының қатысуымен «Күй күмбірі» республикалық челленджі аясында аудандық ауқымды іс-шара жанды дауыста ұйымдастырылып өткізілді
[media=https://www.instagram.com/reel/DV89MkOjLJ4/?igsh=bHE2MjhyZzM1bnJ0]
”КҮЙ КҮМБІРІ”ЧЕЛЛЕНДЖІ
№206 мектеп-гимназиясында 16 наурыз күні Наурызбай ауданы білім беру ұйымдарының қатысуымен «Күй күмбірі» республикалық челленджі аясында аудандық ауқымды іс-шара жанды дауыста ұйымдастырылып өткізілді. 🎶
Аталған челленджге аудан мектептерінен 300-ге жуық оқушылар ұлттық киім үлгісінде қазақ халқының төл аспабы – домбыраның күмбірлеген үнімен ұлттық рухты асқақтатты. Оқушылардың бір мезетте орындауында халыққа кеңінен танымал «Балбырауын» және «Адай» күйлері көрерменге ерекше әсер сыйлап, ұлттық өнердің құдіретін айшықтай түсті.
Бұл челлендж – жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүрлі күй өнеріне деген құрметті арттыру, ұлттық мәдени мұраны насихаттау мақсатында ұйымдастырылған маңызды мәдени бастама. Домбыраның күмбірі арқылы оқушылар қазақ халқының бай рухани мұрасын паш етіп, ұлттық өнердің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мәңгілік құндылық екенін көрсетті.
Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, аудан мектептері арасындағы мәдени-шығармашылық ынтымақтастықты нығайтуға және оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға үлкен ықпал етті.
Наурызбай ауданы оқушылары “Күй күмбірі” челленджді Алматы қаласы білім беру ұйымдарына жолдайды.