06
қараша
2024
“Қазағымның Батыр қызы - Әлия” тақырыбында ерлік сабағы ұйымдастырылып өткізілді.
2024 жылдың 6 қарашасында Алматы қаласы Наурызбай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың қызметкерлері мен 206 мектеп - гимназияның АӘД пәнінің мұғалімі Ысқақ Жүніс Әбуұлымен бірлесіп, оқушыларды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында, “Қазағымның Батыр қызы - Әлия” тақырыбында ерлік сабағы ұйымдастырылып өткізілді. Сабаққа Таулы Карабах ұлт-аралық қақтығыстың ардагерлері қатысты. Сабаққа оқушылар белсенді қатысып, қызығушылық танытты.