18
қараша
2024
2024 жылдың 18 қарашасында Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы №206 мектеп-гимназиясында Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 9-10 сынып оқушылары арасында шығармашылық өнер байқауы өтті.
AUTUMN BALL 2024
2024 жылдың 18 қарашасында Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы №206 мектеп-гимназиясында Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 9-10 сынып оқушылары арасында шығармашылық өнер байқауы өтті. Байқау 4 номинация бойынша ұйымдастырылып, кеш күздің ғажайып атмосферасымен ерекшеленді. Би биленіп, ән шырқалды. Оқушылар өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсетіп, өнер мен мәдениетке деген сүйіспеншіліктерін танытты.
Байқау нәтижелері бойынша:
Бас жүлдені 9 «Г» сыныбының оқушылары: • Ниязбек Абдуррахим • Жұмабек Аружан жеңіп алды! Жеңімпаздарға Өзін-өзі басқару ұйымының атынан арнайы кубок табысталды. Сонымен қатар, өткен жылғы күз ханшасы мен ханзадасы жеңімпаздарға өз тәждерін тапсырып, жылы лебіздерін білдірді.
Басқа сыныптар да номинация иеленіп, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Күзгі балға белсенді қатысқан барша сыныптарға алғысымызды білдіреміз! 
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima