06
желтоқсан
2024
№206 мектеп-гимназиясында мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Абай оқулары сайысы өтті.
Әлем таныған ұлы – Абай №206 мектеп-гимназиясында мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Абай оқулары сайысы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы Абай Құнанбаевтың мұрасын насихаттап, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру.
Үздік қатысушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармаларын шеберлікпен жеткізіп, ерекше өнер көрсетті. Сайыс нәтижесі бойынша барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге, елдің асыл қазынасы! @nauryzbay_bilim_bolimi
@aliakbarovafatima
@kusainova.s.a
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty