06
желтоқсан
2024
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында “Тәуелсіз елімізге адал еңбек – ерге міндет, ұрпаққа үлгі!” тақырыбында ерекше кездесу кеші өтті.
Тәуелсіздік күні қарсаңындағы тағылымды кездесу Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында “Тәуелсіз елімізге адал еңбек – ерге міндет, ұрпаққа үлгі!” тақырыбында ерекше кездесу кеші өтті.
Құрметті қонақтар: • Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев – “Халық қаһарманы”, мемлекет қайраткері, “Алтын жұлдыз” және “Отан” орденінің иегері;
• Сәуле Мағазбекқызы Досжан – ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық “АЛАШ” әдеби сыйлығының лауреаты.
Іс-шарада мектеп оқушылары Сәуле Мағазбекқызының шығармалары негізінде көркем қойылым қойды. Қойылым Ұлы Отан соғысынан бастап Желтоқсан оқиғасы мен Семей полигонына дейінгі тарихи кезеңдерді қамтып, көрермендерді терең әсерге бөледі.
Осындай рухани шаралар арқылы жас ұрпақ ел тарихын танып, Тәуелсіздіктің бағасын сезінеді.
Тәуелсіздік – ұрпаққа аманат, елдің асыл мұрасы! @nauryzbay_bilim_bolimi
@aliakbarovafatima
@kusainova.s.a
@edu.almaty
@oqu_agartu_ministrligi