Мектебіміздің үздік түлегі, «Алтын белгі» иегері Ясынбекқызы Фатиманы ҰБТ-дан 125 балл жинаған жоғары нәтижесімен шын жүректен құттықтаймыз! » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектебіміздің үздік түлегі, «Алтын белгі» иегері Ясынбекқызы Фатиманы ҰБТ-дан 125 балл жинаған жоғары нәтижесімен шын жүректен құттықтаймыз!
18
маусым
2026

Мектебіміздің үздік түлегі, «Алтын белгі» иегері Ясынбекқызы Фатиманы ҰБТ-дан 125 балл жинаған жоғары нәтижесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясының мақтанышы – Ясынбекқызы Фатима! ✨

Мектебіміздің үздік түлегі, «Алтын белгі» иегері Ясынбекқызы Фатиманы ҰБТ-дан 125 балл жинаған жоғары нәтижесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Фатима – тек озат оқушы ғана емес, мектеп өмірінің белсенді қатысушысы, қалалық және республикалық байқаулардың жеңімпазы. Ол өзінің білімге құштарлығымен, еңбекқорлығымен және мақсаткерлігімен қатарластарына әрдайым үлгі бола білді.

125 балл – көп жылғы еңбектің, табандылықтың және алға қойған мақсатына деген сенімнің нәтижесі. Бұл жетістік – ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының тынымсыз еңбегінің жемісі.

Қымбатты, Фатима! Алдағы уақытта армандарың орындалып, биік белестерді бағындыра беруіңе тілектеспіз. Қос диплом бағдарламасы бойынша білім грантының иегері атанып, еліміздің білікті де білімді маманы болуыңа шын жүректен тілектеспіз!

Сенің әр жетістігің – мектебіміздің мерейі! Біз сенімен мақтанамыз! 🌟

#АлтынБелгі 
#ҰБТ2026 #МектепМақтанышы
@aliakbarovafatima 
@kusainova.s.a 
@nauryzbay_bilim_bolimi 
@indira_duisebek
@edu.almaty 
@oqu_agartu_ministrligi