17
шілде
2026
Республикалық деңгейдегі маңызды кәсіби алаңда – №206 мектеп-гимназиясының тәжірибесі ұсынылды!



Республикалық деңгейдегі маңызды кәсіби алаңда – №206 мектеп-гимназиясының тәжірибесі ұсынылды!2026 жылғы 16–17 шілде күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған «Бастауыш мектептің жазғы сессиясы» өтті.
«Бастауыш мектеп: сапалы өзгерістер және кәсіби даму» тақырыбындағы республикалық іс-шарада Алматы қаласы Наурызбай ауданының №206 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер, математика оқулықтарының авторы Мергенбаева Назигуль Оразбаевна спикер ретінде қатысып, «Математика» оқу бағдарламасының ерекшеліктері тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Назигуль Оразбаевна – 2019 жылғы «Білім беру ұйымының үздік педагогі» төсбелгісінің иегері, 2025 жылғы мемлекеттік «Құрмет» ордені мен «Халық алғысы» медалінің иегері. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған математика оқулықтарының авторларының бірі ретінде еліміздегі математикалық білім беруді жетілдіруге зор үлес қосып келеді.
Оның кәсіби тәжірибесі республиканың түкпір-түкпірінен келген әріптестер тарапынан жоғары бағаланып, мазмұнды пікір алмасуға негіз болды.
Әріптесімізді республикалық деңгейдегі маңызды алаңда мектеп ұжымының атынан сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@sakenaralbai
@edu.almaty
@aliakbarovafatima
#206мектепгимназия #Алматы #НаурызбайАуданы #БастауышМектеп #КәсібиДаму ПедагогШебер Математика ОқулықАвторы ҰлттықБілімАкадемиясы ОқуАғартуМинистрлігі