1027036515_aqo0b2zl3yeyq0esfvm4ra61zlgllrbesolxkmcrkeiizgk81fris.mp4 [19,65 Mb] (cкачиваний: 0)

Венерям Палтаевнаны еске алуға арналған волейбол турнирі 206 мектеп-гимназиясының ұлағатты ұстазы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, ардақты жар, аяулы ана Манапова Венерям Палтаевнаны еске алуға арналған волейболдан қалалық турнир өтті.

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласы Білім басқармасы мен “Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының” директоры Елемесов Бахтияр Асқарұлы, Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы Құсайынова Салтанат Амангелдіқызы қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Турнирге Алматы қаласының 8 ауданынан мектеп мұғалімдерінен құралған командалар қатысты.

Жүлдегер командалар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды:

1-орын — Жетісу ауданы

2-орын — Медеу ауданы

3-орын — Әуезов ауданы

Венерям Палтаевна – ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегімен, адамгершілігімен, жарқын бейнесімен жүректерде мәңгі сақталады.
@nauryzbay_bilim_bolimi @oqu_agartu_ministrligi @edu.almaty
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima