№206 мектеп-гимназиясында сейсможаттығу өткізілді » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №206 мектеп-гимназиясында сейсможаттығу өткізілді
04
желтоқсан
2025

№206 мектеп-гимназиясында сейсможаттығу өткізілді

№206 мектеп-гимназиясында сейсможаттығу өткізілді

Бүгін біздің білім ордамызда жер сілкінісі кезінде әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында жоспарлы сейсможаттығу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар мен педагогтердің тосын жағдайдағы қауіпсіздік алгоритмін дұрыс меңгеруі, шұғыл эвакуация ережелерін жетік білуі және төтенше жағдай кезінде сабыр сақтай отырып, өмірін қорғау қабілетін арттыру.

🔸 Жаттығу барысында мектептегі дабыл жүйесі іске қосылып, сыныптар белгіленген эвакуациялық бағыттар арқылы таза әрі жылдам шығарылды.
🔸 Мұғалімдер қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, әр оқушының мектеп аумағынан толық шығуын бақылап отырды.
Арнайы белгіленген жиналу алаңында оқушыларға төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл ережелері тағы бір рет түсіндірілді.

Бұл шара – қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудағы маңызды қадам. Сейсмикалық аймақта орналасқан өңір тұрғындары үшін мұндай дайындықтардың тұрақты өткізіліп тұруы өмірлік маңызға ие.

№206 МГ ұжымы оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын бірінші орынға қояды. Алдағы уақытта да төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

#ҚауіпсізМектеп #Сейсможаттығу #206МГ #ТөтеншеЖағдай #БалаларҚауіпсіздігі #АлдынАлуЖәнеӘрекет

В школе-гимназии №206 проведена сейсмотренировка

Сегодня в нашем учебном заведении в целях формирования навыков действий во время землетрясения была организована плановая сейсмотренировка. Основная цель мероприятия – обеспечение правильного усвоения учащимися и педагогами алгоритма безопасности в непредвиденных ситуациях, качественное знание правил экстренной эвакуации, а также развитие умения сохранять спокойствие и защищать свою жизнь в условиях чрезвычайной ситуации.

🔸 В ходе тренировки была запущена система оповещения, и классы организованно и оперативно эвакуированы по заранее определённым маршрутам.
🔸 Учителя строго соблюдали требования безопасности и контролировали полный вывод каждого ученика за пределы здания.
На специально обозначенной площадке для сбора учащимся ещё раз были разъяснены правила действий в чрезвычайных ситуациях.

Данное мероприятие является важным шагом в формировании безопасной образовательной среды. Для жителей сейсмоактивных регионов проведение подобных тренировок на постоянной основе имеет жизненно важное значение.

Коллектив школы-гимназии №206 ставит безопасность и здоровье учащихся на первое место. В дальнейшем работа по профилактике чрезвычайных ситуаций и формированию культуры безопасности будет продолжена системно.