№206 мектеп-гимназиясының 5-сынып білім алушыларына «Өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениеті» бағыты аясында «Өрт қауіпсіздігі қағидалары таулы-орманды жерде» тақырыбында дәріс өткізілді. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №206 мектеп-гимназиясының 5-сынып білім алушыларына «Өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениеті» бағыты аясында «Өрт қауіпсіздігі қағидалары таулы-орманды жерде» тақырыбында дәріс өткізілді.
14
қыркүйек
2026

№206 мектеп-гимназиясының 5-сынып білім алушыларына «Өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениеті» бағыты аясында «Өрт қауіпсіздігі қағидалары таулы-орманды жерде» тақырыбында дәріс өткізілді.



ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ!

№206 мектеп-гимназиясының 5-сынып білім алушыларына «Өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениеті» бағыты аясында «Өрт қауіпсіздігі қағидалары таулы-орманды жерде» тақырыбында дәріс өткізілді.

Іс-шара Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен жоспар-кестеге сәйкес ұйымдастырылды.

Дәріс барысында білім алушыларға таулы- орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрттің негізгі себептері мен алдын алу жолдары, табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар төтенше жағдай орын алған кезде дұрыс әрекет ету, қауіпсіз жерге шығу және өрт туралы тиісті қызметтерге дер кезінде хабарлау тәртібі түсіндірілді.

- Білім алушыларға табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Мақсаты: білім алушылардың өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерін арттыру және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері: таулы-орманды жерлердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру, өрттің алдын алу шараларымен таныстыру, қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті мен жауапкершілікті қалыптастыру.