Оқу тәрбиелік жұмыс » Страница 4 » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Балдырған» тілдік лагерінің жабылу салтанаты өтті.
12
маусым
2026
«Балдырған» тілдік лагерінің жабылу салтанаты өтті.
[media=https://www.instagram.com/reel/DZenfUeMdwS/?igsh=MWU2cWRubW1ldGE=] «Балдырған» тілдік лагерінің жабылу салтанаты өтті. Лагерь барысында белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, қызықты ойындарға қатысып, өз әсерлерімен бөлісті. Балалар ағылшын тілін үйреніп қана қоймай, жаңа достар тауып, көңілді уақыт өткізді. Лагерьдің әр күні жарқын сәттер мен жақсы естеліктерге толы болды. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🎉📚🇬🇧✨ @aliakbarovafatima  @kusainova.s.a  @indira_duisebek 
№206 МГ жанынан ашылған «Балдырған» жазғы спорттық-шығармашылық лагерінде ұлттық тағамды дәріптеуге арналған қызықты шеберлік сағаты өтті
11
маусым
2026
№206 МГ жанынан ашылған «Балдырған» жазғы спорттық-шығармашылық
[media=https://www.instagram.com/reel/DZcPiDQMKzu/?igsh=MWEwc3Q1OHd5a2VqOA==] №206 МГ жанынан ашылған «Балдырған» жазғы спорттық-шығармашылық лагерінде ұлттық тағамды дәріптеуге арналған қызықты шеберлік сағаты өтті! Бүгін лагерь тәрбиеленушілері қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – құрт жасаудың қыр-сырын үйреніп, өз қолдарымен құрт дайындады. Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы балалар халқымыздың мәдени мұрасын танып, құрметтеуге тәрбиеленеді. @aliakbarovafatima  @kusainova.s.a 
Бүгін мектеп жанындағы лагерь жоспарына сәйкес «Болашақ» тобы ерекше көңілді Burger Party ұйымдастырды
10
маусым
2026
Бүгін мектеп жанындағы лагерь жоспарына сәйкес «Болашақ» тобы ерекше
[media=https://www.instagram.com/reel/DZYKVVNM2hv/?igsh=cTdzcTR5cHN0eDd5] Бүгін мектеп жанындағы лагерь жоспарына сәйкес «Болашақ» тобы ерекше көңілді Burger Party ұйымдастырды✅🍔✨ Балалар өздерін нағыз аспаз ретінде сезініп, бургерлерін өз қолдарымен дайындады.  Ингредиенттерді таңдап, тағам әзірлеу процесіне белсене қатысып, шығармашылықтарын көрсетті.  Бұл шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ұқыптылыққа, жауапкершілікке және бірлесе жұмыс істеуге баулыды. Балалардың шат
«Сәндік-қолданбалы өнер» лагерінде қыздар шығармашылық қабілеттерін шыңдап, қағаз қалдықтарын тиімді пайдалана отырып папье-маше техникасында панно-картиналар жасады
09
маусым
2026
«Сәндік-қолданбалы өнер» лагерінде қыздар шығармашылық қабілеттерін
[media=https://www.instagram.com/reel/DZXXcd5su63/?igsh=MXB6bnBhcDM4anJpZw==] «Сәндік-қолданбалы өнер» лагерінде қыздар шығармашылық қабілеттерін шыңдап, қағаз қалдықтарын тиімді пайдалана отырып папье-маше техникасында панно-картиналар жасады. ♻️🖌️ Жұмыс барысында түстердің үйлесімділігіне ерекше мән беріліп, әр қыз өз қиялы мен талғамын шығармашылық туынды арқылы көрсете білді. @aliakbarovafatima  @kusainova.s.a  @nauryzbay_bilim_bolimi  @indira_duisebek  @edu.almaty  @oqu_agartu_ministrligi
№206 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Балдырған» жазғы спорттық-шығармашылық лагерінің тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне танымдық саяхат жасап қайтты
09
маусым
2026
№206 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Балдырған» жазғы
[media=https://www.instagram.com/reel/DZWlrGjsM4f/?igsh=MnVuM3QzYmZzMWMx] №206 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Балдырған» жазғы спорттық-шығармашылық лагерінің тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне танымдық саяхат жасап қайтты. Балалар музей залдарын аралап, еліміздің бай тарихы мен мәдени мұрасымен танысты, құнды жәдігерлерді тамашалап, көптеген қызықты мәліметтер алды. Ұлттық музей Қазақстан тарихы мен мәдениетін танытатын ірі мәдени орталықтардың бірі болып табылады.
№206 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Балдырған» жазғы спорттық-шығармашылық лагерінің «Сұңқар» тобы тәрбиеші Ахатқызы Заринаның жетекшілігімен қызықты әрі мазмұнды күн өткізді.
08
маусым
2026
№206 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Балдырған» жазғы
[media=https://www.instagram.com/reel/DZUkuz5M74P/?igsh=MXZpbWZibGIxdjh6OQ==] №206 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Балдырған» жазғы спорттық-шығармашылық лагерінің «Сұңқар» тобы тәрбиеші Ахатқызы Заринаның жетекшілігімен қызықты әрі мазмұнды күн өткізді.  Балалар ермексаздан пицца жасап, өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, шахмат ойнап, логикалық ойлау дағдыларын дамытты және түрлі қызықты ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі сәттерге бөленді.
№206 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Балдырған» жазғы спорттық-шығармашылық лагерінің тәрбиеленушілері «SARY ARKA» кинотеатрына барып, қызықты мультфильм тамашалады.
03
маусым
2026
№206 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Балдырған» жазғы
[media=https://www.instagram.com/reel/DZHPkNFMBPY/?igsh=Y3VmeGxuM2c1cXpj] №206 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Балдырған» жазғы спорттық-шығармашылық лагерінің тәрбиеленушілері «SARY ARKA» кинотеатрына барып, қызықты мультфильм тамашалады. Мультфильм балаларға достықтың қадірін білуге, бір-біріне көмектесуге, мейірімділік пен жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге ықпал етті. Кейіпкерлердің өнегелі іс-әрекеттері арқылы балалар жақсылық жасау мен дұрыс шешім қабылдаудың
№206 мектеп-гимназия жанынан ашылған спорттық-шығармашылық «Балдырған» лагері өз жұмысын жалғастыруда!
02
маусым
2026
№206 мектеп-гимназия жанынан ашылған спорттық-шығармашылық
[media=https://www.instagram.com/reel/DZEqHH6s1No/?igsh=MXRna3dpaGRzMDhwOQ==] №206 мектеп-гимназия жанынан ашылған спорттық-шығармашылық «Балдырған» лагері өз жұмысын жалғастыруда! Әр күн балаларға жаңа достар, жарқын эмоциялар және ұмытылмас әсер сыйлауда. Балғындардың шат күлкісі мен белсенділігі – біздің ең үлкен жетістігіміз!  «Балдырған» лагерінде әр күн ерекше, әр сәт есте қаларлық! «Бала күлкісі – әлемнің ең әсем әуені». @aliakbarovafatima  @kusainova.s.a  @nauryzbay_bilim_bolimi 
№206 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Балдырған» спорттық-шығармашылық лагері өз жұмысын бастады!
01
маусым
2026
№206 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Балдырған»
[media=https://www.instagram.com/reel/DZCVjslMMt7/?igsh=MWY4eXVnZTJ5a3My] №206 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Балдырған» спорттық-шығармашылық лагері өз жұмысын бастады! Балаларды қорғау күніне арналған «ӘЛЕМ – БАЛАЛАР ҮНІМЕН ӘСЕМ!» атты мерекелік концерт көтеріңкі көңіл-күймен өтті. Концерт барысында оқушылар ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекенің ерекше қонақтары – көңілді кейіпкерлер Аққұлақ пен Секіртпе балалармен бірге ойын ойнап, әндерге қолдау көрсетіп, мерекенің шырайын аша
Бүгін 1-сынып оқушылары арасында оқу жылының аяқталуына орай «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
25
мамыр
2026
Бүгін 1-сынып оқушылары арасында оқу жылының аяқталуына орай «Білімім
[media=https://www.instagram.com/reel/DYwH2Y9sBye/?igsh=ZnRnY3kwa2ducmZq] Бүгін 1-сынып оқушылары арасында оқу жылының аяқталуына орай «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтары кеңінен түсіндірілді. Балалар адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, отансүйгіштік секілді қасиеттердің маңызын ұғынып, білімнің ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін талқылады. Сонымен қатар адами