16
қыркүйек
2025
“Еңбек” мобильді орталығының маманы Жакупова Еркеш Садыковна Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның 10-11 сынып оқушыларына мамандықты дұрыс таңдау бойынша кәсіби бағдар беру сағатын өткізді.
2025 жылдың 16 қыркүйек күні “Еңбек” мобильді орталығының маманы Жакупова Еркеш Садыковна Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның 10-11 сынып оқушыларына мамандықты дұрыс таңдау бойынша кәсіби бағдар беру сағатын өткізді. Еркеш Садыковна кәсіби бағдар беру сағаты барысында мамандықты дұрыс таңдаудың формуласын түсіндірді және оқушыларға қызығушылығы мен қабілетін анықтау үшін кәсіби бағдарлау тесттерімен таныстырды. Сонымен қатар оқушы өзі қалаған мамандығынан кәсіби біліктілігін арттыру үшін skills.enbek.kz сайтынан тегін курстан өте алатынын мәлімдеді. Оқушылар өздеріне қажетті ақпаратты жинай отырып, туындаған сұрақтарын қойып, өз жауаптарын алды.
@oqu_agartu_ministrligi @nauryzbay_bilim_bolimi
#профориентация#кәсібибағдарберу#мамандық