Бүгін мектепте қыз балалардың жеке қауіпсіздігі мен жеке гигиена мәдениетін қалыптастыру тақырыбында тағылымды кездесу өтті
Қыз балаларға арналған маңызды кездесу
Бүгін мектепте қыз балалардың жеке қауіпсіздігі мен жеке гигиена мәдениетін қалыптастыру тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Кездесуге №26 емхананың бала дәрігері, педиатры Ахметбекова Лаззат Елубаевна арнайы келіп, қыз балалар денсаулығы, дұрыс күтім, гигиена талаптары және қауіпсіздік ережелері жөнінде құнды ақпараттармен бөлісті.
Сонымен бірге шараға мектеп әкімшілігі — ДТІЖО Э. Жолмурзаева, И. Мағзұмова, мектеп медбикесі Г. Курманова қатысып, өз ұсыныстарын айтты.
Осындай кездесулер қыз балалардың өз-өзіне сенімді, білімді және қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Барлық қатысқан мамандарға алғыс білдіреміз!
Сегодня в школе прошла познавательная встреча, посвящённая формированию культуры личной гигиены и личной безопасности среди девочек.
На встречу специально была приглашена педиатр поликлиники №26 — Ахметбекова Ляззат Елубаевна, которая поделилась ценной информацией о здоровье девочек, правильном уходе, требованиях гигиены и правилах безопасности.
Также в мероприятии приняли участие представители администрации школы — заместитель директора по воспитательной работе Э. Жолмурзаева, И. Магзумова и школьная медсестра Г. Курманова, которые высказали свои предложения и рекомендации.
Подобные встречи вносят большой вклад в формирование уверенности, осознанности и безопасных жизненных навыков у девочек.
Выражаем благодарность всем специалистам, принявшим участие в мероприятии!