15
мамыр
2025
Бүгін мектебімізде 5–7 сынып оқушы қыздарының ата-аналарына арналған ақпараттық жиналыс ұйымдастырылды.
№206 мектеп-гимназиясында маңызды кездесу өтті!
Бүгін мектебімізде 5–7 сынып оқушы қыздарының ата-аналарына арналған ақпараттық жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі мақсаты — жатыр мойны обырының алдын алу және адам папиллома вирусы (ВПЧ) туралы жан-жақты мәлімет беру болды.
Кездесуге арнайы шақырылған сала мамандары:
Төкен Дастан Қаныбекұлы – №26 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі
Меруерт Нұржанова – балалар дәрігері Мамандар ата-аналарға ВПЧ инфекциясының алдын алу, вакцинацияның маңыздылығы, ерте диагностикалау және қыз балалардың денсаулығына қатысты маңызды кеңестер мен ұсыныстар берді.
Жиналыс барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы мағлұматтар алды.
Балалар денсаулығы – баршаға ортақ жауапкершілік!