Наурызбай аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың тарихы мен әдебиетінде өшпес із қалдырған, ұлт игілігі үшін қызмет еткен тұлғалардың мерейтой иелеріне арналған қалалық «Бабалар аманаты» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Бабалар аманаты – білім мен руханияттың тоғысқан алаңы! Наурызбай аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың тарихы мен әдебиетінде өшпес із қалдырған, ұлт игілігі үшін қызмет еткен тұлғалардың мерейтой иелеріне арналған қалалық «Бабалар аманаты» байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Аудан мектептерінен 40-тан аса қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып, өзара бақ сынады. Байқауға филология ғылымдарының кандидаттары, әдебиет зерттеушілері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша КДИ кафедра меңгерушілері төрелік етті. Осындай кәсіби деңгейі жоғары мамандардың қатысуы байқаудың әділ де мазмұнды өтуіне ықпал етті. Байқау қорытындысы бойынша: – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» сайысында №206 мектеп-гимназия мұғалімі Оңғар Д. Б.; – Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Ғалымның хаты өлмейді» сайысында №221 мектептің мұғалімі Тұрсын Е. Қ.; – Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған «Бір шығарма ізімен» сайысында №221 мектептің мұғалімі Байжакунова Л. Қ.; – Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған «Өмір – өнер, өнер – өлшем…» сахна өнері сайысында №206 мектеп-гимназия мұғалімі Сапарбай М. С. БАС ЖҮЛДЕ иеленді. Аталған жеңімпаз ұстаздар қалалық кезеңде Наурызбай ауданының намысын қорғайды. Ұстаздарымызға сәттілік, жарқын жеңіс және табыс тілейміз!
«Завет предков — пространство встречи знаний и духовности!»
Под эгидой Наурызбайского районного отдела образования был проведён районный этап городского конкурса «Завет предков», посвящённого юбилеям выдающихся личностей, оставивших неизгладимый след в истории и литературе Казахстана и посвятивших свою жизнь на благо нации.
В конкурсе приняли участие более 40 учителей казахского языка и литературы из школ района, соревнуясь между собой. Судейство осуществляли кандидаты филологических наук, исследователи литературы, преподаватели вузов, а также заведующие кафедрами КДИ по городу Алматы компании «Өрлеу» БАҰО». Участие таких высококвалифицированных специалистов обеспечило справедливое и содержательное проведение конкурса.
По итогам конкурса:
в конкурсе «Перо поэта — поле честности», посвящённом 180-летию Абая Кунанбаева, учитель школы-гимназии №206 Оңғар Д. Б.;
в конкурсе «Письмо учёного бессмертно», посвящённом 190-летию Шокана Уалиханова, учитель школы №221 Тұрсын Е. Қ.;
в конкурсе «След одной работы», посвящённом 115-летию Бауыржана Момышулы, учитель школы №221 Байжакунова Л. Қ.;
в сценическом конкурсе «Жизнь — искусство, искусство — мера…», посвящённом 140-летию Миржакыпа Дулатова, учитель школы-гимназии №206 Сапарбай М. С. — главный приз.
Эти победители будут представлять честь Наурызбайского района на городском этапе конкурса. Желаем нашим учителям удачи, ярких побед и новых достижений!
@akimat_almaty @oqu_agartu_ministrligi @edu.almaty @bilim_basqarmasy @altynsarin_akademiasy @adistemelik_ortalyq_almaty @orken_instituty @orleu_almaty @darkhan_satybaldy_official @sairan.saifedenov