Араб Әмірліктерінде өткен Химия пәнінен 57-ші Халықаралық олимпиадада біздің оқушыларымыз ғылымдағы үздік жетістіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Араб Әмірліктерінде өткен Химия пәнінен 57-ші Халықаралық олимпиадада біздің оқушыларымыз ғылымдағы үздік жетістіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді
14
шілде
2025

Араб Әмірліктерінде өткен Химия пәнінен 57-ші Халықаралық олимпиадада біздің оқушыларымыз ғылымдағы үздік жетістіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді

Қадірлі отандастар!

Сүйінші жаңалық!  

Араб Әмірліктерінде өткен Химия пәнінен 57-ші Халықаралық олимпиадада біздің оқушыларымыз ғылымдағы үздік жетістіктерін тағы бір мәрте дәлелдеп, әлемдік білім бәсекесінде еліміздің абыройын асқақтатты.

Бұл білім сайысында ел қоржынына екі алтын, екі күміс медаль берген оқушыларымыз – Кирилл Ким, Абылай Қабдулхадыр, Еңлік Бақытбекова және Аңсар Жақсылықовты шын жүректен құттықтаймын!

Мұндай жетістіктерге жетуде оқушылардың талпынысы мен еңбегімен қатар, олардың ұстаздары мен ата-аналарының үлесі зор. Әсіресе, тәлімгерлері Санжар Бегдайыр мен Ринат Илюсовке кәсіби шеберліктері, оқушыларға көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін шексіз алғысымды білдіремін.

Бұл жеңіс – жас буынның жарқын болашағына жол ашатын берік негіз деп сенемін. Жетістіктеріңіз еселене берсін, алар асуларыңыз биік болсын! Еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де талапты азамат болып өсулеріңізге тілектеспін.

🔹🔹🔹 

Уважаемые казахстанцы!

С радостью спешу поделиться важной и вдохновляющей новостью!

На 57-й Международной олимпиаде по химии в Объединенных Арабских Эмиратах наши школьники снова подтвердили свое лидерство в науке и высокий авторитет казахстанского образования на мировой арене.

Искренне поздравляю Кирилла Кима, Абылая Кабдулхадыра, Енлик Бакытбекову и Ансара Жаксылыкова — вы показали блестящий результат, завоевав две золотые и две серебряные медали.

Неоценимый вклад в этот результат внесли ваши педагоги и родители. Отдельные слова благодарности наставникам Санжару Бегдаиру и Ринату Илюсизову за профессионализм, поддержку и веру в ребят.

Уверен, что этот успех станет прочным фундаментом для будущих достижений и откроет новые горизонты. Желаю вам не останавливаться на достигнутом и смело подниматься выше на пути к знаниям и процветанию нашей страны!