05
желтоқсан
2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназия ұжымы «Тәуелсіз елімізге адал еңбек – ерге міндет, ұрпаққа үлгі!» тақырыбында кездесу кешін өткізді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназия ұжымы «Тәуелсіз елімізге адал еңбек – ерге міндет, ұрпаққа үлгі!» тақырыбында кездесу кешін өткізді. Іс-шара мақсаты - Отан тарихына деген қызығушылықты арттыру, патриотизм мен азаматтық сананы жоғарлату, үлгі болатын тұлғаның өмір жолымен таныстыра отырып, рухани дамуына тәрбиелеу және ел алдындағы жауапкершілікті ұғындыру. Кездесудің басты кейіпкерлері «Халық қаһарманы», мемлекет қайраткері, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденінің иегері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев пен жары, ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер Одағының және Халықаралық жазушы әйелдер гильдиясының мүшесі. 2020 жылы Халықаралық «АЛАШ» әдеби сыйлығының иегері Сәуле Мағазбекқызы Досжан. Мектептің ұстаздары мен оқушылары Сәуле Мағазбекқызының шығармаларынан құралған қойылым қойды. Қойылым Ұлы Отан соғысынан бастап, Желтоқсан оқиғасы мен Семей полигонын одан кейін Тәуелсіздікті қамтыды. Кеш иелеріне жастардың көкейлеріндегі сұрақтары қойылды. Кеш қонақтары Алматы қаласы білім басқармасы қалалық білі берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Нысаналиев Мирас Нұрланұлы, Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангелдіқызы сөз алып, алғыс білдірді.
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@kusainova.s.a
@nauryzbay_bilim_bolimi
@aliakbarovafatima