24
сәуір
2025
24.04.2025 жылы Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында «Жас маман – болашақтың жарқын іргетасы» атты жас мамандар онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
24.04.2025 жылы Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында «Жас маман – болашақтың жарқын іргетасы» атты жас мамандар онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Онкүндік барысында бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас ұстаздарымыз өздерін жан-жақты қырымен көрсетпек.
Ұстаз мамандығы – қуанышы мен қиындығы қатар жүрер киелі мамандық. Осы мамандықты игеруге аяқ басқан мектебіміздің бір топ жас мамандарының онкүндігінде атқарып жатқан іс-шараларын күнделікті тамашалауға шақырамыз!
@kusainova.s.a
@oqu_agartu_ministrligi
@aliakbarovafatima
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi