30
мамыр
2025
"Кішкене жүректен – үлкен арманға"
"Кішкене жүректен – үлкен арманға" 
206 мектеп-гимназиясы, "Балдырған" жазғы лагері
1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған концерттік бағдарламаБүгінгі күн – балалықтың шат күлкісін, кіршіксіз армандарын, шексіз қиялын дәріптейтін ерекше мереке!
"Балдырған" лагерінің кішкентай өнерпаздары жүрекпен сезіп, махаббатпен дайындаған концерттік бағдарламасы көрерменнің көңілін толқытты, жүзін жарқыратты. Ән мен би, жүрекжарды өлеңдер мен көріністер – бәрі де балалардың таза көңілі мен шынайы арманының көрінісі болды.
Бұл – жай ғана концерт емес, бұл – болашаққа жолдама берген үміттің үні. Балалардың әр қадамына шабыт беріп, олардың армандарына сенім сыйлайық!
Балалар – біздің ең асыл байлығымыз. Олардың қауіпсіз, бақытты және жарқын болашағы – барша қоғамның ортақ міндеті.
Кішкене жүректен туған үлкен армандар орындалсын!
Мереке құтты болсын, балапан жүректер!@oqu_agartu_ministrligi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima
@nauryzbay_bilim_bolimi
@edu.almaty