18
маусым
2026
Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетіп, 127 балл жинаған Ахмет Жасияны шын жүректен құттықтаймыз!
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясының мақтанышы, алтын белгі иегері – Ахмет Жасия Алишерқызы! ✨Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетіп, 127 балл жинаған Ахмет Жасияны шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – білімге деген құштарлықтың, табанды еңбектің және алға қойған мақсатқа деген сенімнің нәтижесі. Мектебіміздің абыройын асқақтатып, үздік көрсеткішке қол жеткізген Жасияға алдағы өмір жолында толағай табыстар тілейміз.
Армандарың асқақ болып, таңдаған мамандығыңның білікті иесі атануыңа тілектеспіз! Жаңа белестерді бағындырып, әрқашан биіктен көріне бер!
Біз сенімен мақтанамыз!
#ҮздікНәтиже #МектепМақтанышы #Түлек2026
@aliakbarovafatima
@kusainova.s.a
@nauryzbay_bilim_bolimi
@indira_duisebek
@edu.almaty
@oqu_agartu_ministrligi