Үздік аттестат иегері Қожан Кәусарды Ұлттық бірыңғай тестілеуде 123 балл жинаған жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Үздік аттестат иегері Қожан Кәусарды Ұлттық бірыңғай тестілеуде 123 балл жинаған жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
18
маусым
2026

Үздік аттестат иегері Қожан Кәусарды Ұлттық бірыңғай тестілеуде 123 балл жинаған жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясының мақтанышы – Қожан Кәусар! ✨

Үздік аттестат иегері Қожан Кәусарды Ұлттық бірыңғай тестілеуде 123 балл жинаған жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Кәусар мектеп қабырғасында білімге деген жауапкершілігімен, табандылығымен және үздік оқуға деген ұмтылысымен ерекшеленді. Жылдар бойы жинаған білімі мен еңбегінің нәтижесінде ол үздік аттестатқа ие болып, ҰБТ-да да жоғары нәтиже көрсетті.

Ағылшын тілі мен Дүниежүзі тарихы пәндерін таңдаған Кәусардың бұл жетістігі – алға қойған мақсатына деген сенімінің, тынымсыз ізденісінің және қажырлы еңбегінің жемісі.

Қымбатты, Кәусар! Алдағы өмір жолыңда биік белестерді бағындырып, армандаған оқу орныңның студенті атануыңа тілектеспіз. Білімің мен қабілетің ел игілігіне қызмет етіп, жарқын болашағыңның негізіне айналсын!

Сенің әр жетістігің – мектебіміздің мерейі! Біз сенімен мақтанамыз! 💙🌟

#ҮздікАттестат #ҰБТ2026
@aliakbarovafatima 
@kusainova.s.a 
@indira_duisebek
@nauryzbay_bilim_bolimi 
@edu.almaty 
@oqu_agartu_ministrligi