«Алтын белгі» иегері Ерлікқызы Мадинаны Ұлттық бірыңғай тестілеуде 123 балл жинаған жоғары жетістігімен құттықтаймыз! » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Алтын белгі» иегері Ерлікқызы Мадинаны Ұлттық бірыңғай тестілеуде 123 балл жинаған жоғары жетістігімен құттықтаймыз!
18
маусым
2026

«Алтын белгі» иегері Ерлікқызы Мадинаны Ұлттық бірыңғай тестілеуде 123 балл жинаған жоғары жетістігімен құттықтаймыз!

Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясының мақтанышы – Ерлікқызы Мадина! ✨

«Алтын белгі» иегері Ерлікқызы Мадинаны Ұлттық бірыңғай тестілеуде 123 балл жинаған жоғары жетістігімен құттықтаймыз!

Мадина – мектеп қабырғасында білімге деген құштарлығымен, ізденімпаздығымен және табандылығымен ерекшеленген шәкірт. Қалалық және республикалық пән олимпиадаларының, ғылыми жоба байқауларының жеңімпазы ретінде ол өз білімін талай мәрте дәлелдеп, мектебіміздің мерейін асқақтатты.

ҰБТ-дағы 123 балл – ұзақ жылғы еңбектің, мақсатқа деген адалдықтың және үздіксіз ізденістің жемісі. Бұл нәтиже Мадинаның жарқын болашағына бастар маңызды қадамдардың бірі екеніне сенеміз.

Қазақ тілі мен әдебиеті бағытын таңдаған Мадинаның болашақта ана тіліміздің жанашыры, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін білікті маман, ел мәдениеті мен руханиятына үлес қосатын тұлға болып қалыптасарына сенім білдіреміз.

Қымбатты, Мадина! Алдағы өміріңде тек биік белестерді бағындырып, армандарыңның орындалуына тілектеспіз. Жетістіктерің көп болып, әрдайым жеңіс тұғырынан көріне бер!

Мектебіміз сенімен мақтанады! 💙📚✨
@aliakbarovafatima 
@kusainova.s.a 
@indira_duisebek 
@nauryzbay_bilim_bolimi 
@edu.almaty 
@oqu_agartu_ministrligi