15
наурыз
2025
Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы!
Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
Мектебімізде ақын, аудармашы, ҚР ақпарат және мәдениет саласының үздігі, Алтын сақа баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Серпер сыйлығының лауреаты Саят Қамшыгермен кездесуі өтті!
7-сынып оқушылары үшін өткен бұл кеш ерекше әсерлі болды. Кездесуде қаламгердің шығармашылығы, оның ішінде “Тастамашы, ана!” шығармасының жазылу тарихы, көркемдік ерекшелігі және кейіпкерлердің қазіргі өмірі туралы сыр шертілді. Сондай-ақ, оқушылар шығарма негізінде қойылым қойып, ақынның жырларын оқыды.
Саят Қамшыгер – “Сары гүл”, “Жүректегі ағыстар”, “Көңіл көктемі”, “Биші қайың” секілді жыр жинақтарының авторы. Бұл кездесу жас ұрпақтың әдебиетке, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байыта түсті.
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima



@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima