30
сәуір
2025
БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҚАЗАҚСТАН!
БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҚАЗАҚСТАН!

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде 9-сыныптар арасында достық пен ынтымақты насихаттайтын мерекелік іс-шара ұйымдастырылды!
Түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміздің басты құндылығы – бейбітшілік пен бірлік. Осыны ұран еткен оқушыларымыз бұл күні ұлттық киімдерін киіп, әр халықтың мәдениеті мен дәстүрін таныстырып, ән айтып, би билеп, тағамдар ұсынды.
Шара барысында:
9-сынып оқушылары өзара ынтымақтастықты насихаттайтын көріністер көрсетті;
Ұлттар достығына арналған патриоттық өлеңдер мен музыкалық нөмірлер орындалды;
Бірлік пен бейбіт өмірдің мән-маңызын ашатын презентациялар ұсынылды.
Мерекелік шара жас ұрпақтың бойында достыққа, толеранттылыққа және патриоттық сезімге баулитын жарқын үлгіге айналды.
Бірлігіміз бекем болсын, Қазақстан гүлдене берсін!@kusainova.s.a
@oqu_agartu_ministrligi
@aliakbarovafatima
@edu.almaty