04
маусым
2025
Экологияны сақтайық!
№206 мектеп-гимназиясы жанындағы “Балдырған” жазғы лагерінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған “Экологияны сақтайық” тақырыбында лагерь қатысушылары ерекше бір іс-шараға атсалысты — табиғат тақырыбында сурет салды. 
Балалар өздерінің қиялдарын еркін жеткізіп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін көркем туындылары арқылы көрсете білді. Әрбір сурет — таза ауаны, көкжелекті, мөлдір суларды сақтауға арналған жүрек үніндей болды.


Бұл күн кішкентай экологтардың жүрегінде табиғатқа деген қамқорлық сезімін оятты.Біз болашақтың табиғат жанашырларына сенеміз!


@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima
@nauryzbay_bilim_bolimi
@edu.almaty
@oqu_agartu_ministrligi